Алматы Зальцбургке жолдама алды: "Red Bull Four 2 Score" ұлттық финалы қалай өтті
3 тамыз күні Алматыда көше футболының нағыз мерекесі Red Bull Four 2 Score ұлттық финалы өтті. Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе және Алматы қалаларынан келген үздік бес команда Австриядағы Зальцбург қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама үшін күресті.
Формат қарапайым, бірақ қиын болды:
- 4 ойыншыдан;
- 10 минут;
- Алғашқы және соңғы минутында соғылған голдар – екі есе есептеледі.
Әр ойын – шешуші болғандықтан қателесуге мүмкіндік жоқ.
Топтық кезең: Бір қателік – жарыстан тыс қаласың
Алматы топтық кезеңде қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді: төрт ойын – төрт жеңіс, 17 гол, тек 5 гол жіберді. Шымкент – ең нәтижелі команда болды. Бірақ қорғаныста жиі
қателесті. Ақтөбе ерте голдар мен тәртіпті ойынының арқасында ұпай жинады.
Жартылай финалдар: әр секунд маңызды
Алматы – Астана: 4:2: Тартысты ойын, соңғы минуттағы голдар және дәл орындалған пенальти болды. Финалға Алматы жолдама алады.
Шымкент – Ақтөбе: 3:1: Ұзақ уақыт 0:0. Бірақ пенальтиден кейін Шымкент шабуылға шықты. Екі жылдам гол, және соңғы нүкте қойылды.
Финал: Алматы – Шымкент. 0:3 есебінен 7:3-ке дейінгі кері серпіліс
Ойын бастала сала Шымкент алғашқы минутта гол соғып, екі есе есеппен 2:0 алға шықты.
Артынша 3:0 етіп тағы бір гол салды. Барлығы ойын аяқталды деп ойлады.
Бірақ Алматы командасы қарсы жауап көрсетті: үш гол қатарынан соғып, есеп теңесті. Тағы бірнеше дәл шабуылдан кейін ойын толықтай алматылықтардың қолына көшті. 7:3 – Алматы Қазақстан чемпионы атанды. Енді олар Зальцбургте өтетін әлемдік финалда ел намысын қорғайды.
Команда капитаны Алмаздың пікірі:
"Финалда 0:3 есебімен жеңіліп жаттық, бірақ берілмедік. Барлығымыз соңына дейін күрестік. Бұл жеңіс – командалық рух пен мінездің жемісі. Бүкіл турнирде бірде-бір жеңіліс болған жоқ. Енді Қазақстан атынан шығатын боламыз. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. “Қайратпен“ ойнау – үлкен мәртебе. Оларға да алғыс!"
Шоу-матч: Әуесқойлар мен футзал жұлдыздары бетпе-бет кездесті
Финалдан кейін Алматы құрамасы футзалдың үздік клубтарының бірі – AFC "Қайратпен" шоу-матч өткізді. Негізгі уақыт 9:9 есебімен тең аяқталды. Жеңімпаз "алтын
матч" 1x1 форматында анықталды. Шешуші голды "Қайрат" ойыншысы соқты. Алайда алматылықтар қарсылас емес, тең дәрежелі ойын көрсетті. Бұл кездесу олардың деңгейін
айқын көрсетті.
Red Bull Four 2 Score – жұлдыздарды емес, мүмкіндікті көрсететді
Бұл турнир – бір реттік ойын емес. Бұл – мүмкіндік. Көшеден басталып, халықаралық ареналарға дейін апаратын жол. Алматы – әлемдік финалда. Зальцбург, дайындалады.
Қазақстаннан тек қайсарлар аттанады.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта Қазақмыс қызметкері 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
