Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы ұсталды

Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов Алматы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәжілов қамауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"5 қаңтарда Алматыда екі полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш департаментінің, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент бастықтары өз ғимаратын тастап кеткені анықталды. Олар ғимаратты ішінде қаруымен қалдырған. Осы фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Бұл істер бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі бөлігі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжілов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлел жинау және оларды талдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, бас прокуратура "тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын" хабарлады.

Айта кетері, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Нұрлан Мәжілов Алматы қаласында дүрбелең басталған кезде ҰҚК департаментінің басшысы болды. 2022 жылдың 13 қаңтарында оның орнына Марат Ирменов келді.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 14 Наурыз, 2022 18:04
Талқылау