Алматы тұрғыны 2,6 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды
Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының аумақтық департаменті қолма-қол ақшаны заңсыз шығаруға қатысты қылмыстық әрекетпен айналысқан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жұмыстарын аяқтады.
Тергеу барысында күдіктінің 2017 жылдың соңынан 2020 жылға дейінгі аралықта бақылаудағы төрт компания арқылы жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттарды беру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметтерін көрсеткені анықталды.
- 6 жылға сотталды: Миллион долларға жуық жалған ақшаны сатпақ болған алматылық тұрғын жазаға тартылды
- Жалған еуролар арқылы алаяқтық жасаған қазақстандық 5 жарым жылға сотталды
Қылмыскер бес жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр