Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23-30 қараша аралығында "Құқық тәртібі" республикалық жедел алдын алу-шарасы өтеді. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

"Аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса, Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады. Шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция нарядтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары және әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейдттік жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзып, ел аумағына келетін келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаров.

Спикердің айтуынша, арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды. Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстар жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар, ол кең көлемде ұйымдастырылып отырған шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр