Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы құрамажем зауытындағы жарылыс: Зардап шеккен жұмысшылардың барлығы көз жұмды


Фото: ТЖД

Алматы облысындағы "АзияАгроФуд" АҚ-ның құрамажем зауытында 23 мамыр күні болған жарылыстан жарақат алған барлық жұмысшы ауруханада алған күйіктерінен көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"2025 жылғы 23 мамырда Алматы облысындағы "АзияАгроФуд" АҚ құрамажем зауытында болған қайғылы оқиға салдарынан әріптестеріміз қаза тапты. Бұл трагедия бүкіл компания ұжымы үшін ауыр соққы болды", – делінген компания мәлімдемесінде.

Компания заңмен және қолданыстағы корпоративтік бағдарламалармен қарастырылған сақтандыру төлемдеріне қосымша, марқұмдардың отбасына қосымша материалдық көмек көрсетілетінін айтты.

"Біз жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды өз мойнымызға аламыз, сондай-ақ көз жұмған әріптестеріміздің болуы мүмкін қарыздарын толықтай өтейміз. Әрбір отбасыға психологиялық және заңдық қолдау көрсетіліп, қажет болған жағдайда жеке сүйемелдеу ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.

Компанияда апаттың себептеріне байланысты жан-жақты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


Павлодарда көлік өртеніп, бес адам зардап шекті


Астанада сауда үйінің бірінде өрт шығып, адамдар эвакуацияланды


Еске салайық, бұған дейін 23 мамыр Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында жарылыс болып, артынша өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 09:40
Талқылау