Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы облысындағы жантүршігерлік иттер шайқасы": Әкімдік түсініктеме берді

Алматы облысындағы иттердің төбелесі түсірілген видео желіде таралды. Әкімдікте жағдайға қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында иттер төбелесі ұйымдастырылды. Кадрларда иттердің өмір үшін емес, өлім үшін күресетінін көрсетеді. Сондай-ақ, жануарлар иелері өте қуанышты екенін көруге болады. Шамасы,  қомақты қаржыны қалтаға басқан сыңайлы. Сіздің ойыңызша, мұндай турнирлерге тыйым салу керек пе?"- дейді видео авторы.

Кадрларда иттердің төбелесі түнде өткізілетіні көрінеді. Аренаның айналасында жанкүйерлер көп.

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігінде жағдайға қатысты түсініктеме берілді.

"Бұл орын бұрын мал базары болған. Бұл жерді біреу сатып алған. Қазір ол аумақтық жағынан Қарасай ауданына жатады.

Әкімдік иттермен күресуге рұқсат бермеді және рұқсат бермейді. Қазір ауылдық округ әкіміне тапсырма берілді. Олар ұйымдастырушыларды іздестіруде. Оларды тапқаннан кейін Әкімшілік кодекс бойынша жазаланады", - деді Жамбыл ауданының баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.

 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2020 13:59
Талқылау