Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жол жабылып қалды

Алматы облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облыстық "ҚазАвтоЖол" филиалы мен "Қазақавтодор" Алматы облыстық филиалының мәліметтері бойынша 2021 жылғы 4 қаңтарда таңғы сағат 10.30-дан бастап ауа-райының нашарлауы - қатты дауылдан жол көрінбейтіндіктен, республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" жолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық", - делінген хабарламада.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды осы бағытта жолға шықпауын және 112 қызметі жіберетін sms хабарламаларын ескеруді сұрайды. Құтқарушылар алыс сапарға шыққанда ауа-райы болжамымен танысып, экстремалды жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды алып кетуді өтінеді.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр