Алматы облысында жоғалған тікұшақтың бөлігі көл ішінен табылды

Құтқарушылар Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың бөлшектерін ғарыштық мониторингтің көмегімен тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі акваториясынан майға ұқсас дақ анықталды. Оқиға орнын тексеру барысында әуе қорғаныс күштеріне тиесілі болуы мүмкін тікұшақтың бөлшектері табылды.
Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстарына эхолоттар, пилотсыз ұшу аппараттары мен суасты дрондары сынды арнайы техника тартылған.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Іздеу-құтқару жұмыстарына шамамен 200 адам, 40 техника, 15 жүзу құралы, 4 кинологиялық топ және 2 әуе кемесі жұмылдырылды.
Айта кетейік, бұған дейін 25 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылының маңында әскери тікұшақ радардан жоғалып кеткені туралы жазған едік. EC-145 әскери тікұшағында үш экипаж мүшесі болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан