Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өзенді ластағаны үшін әкім мен жер иесі жауапқа тартылды

іле өзеніФото: Видеодан скрин

Іле ауданында экологиялық заңбұзушылықтар анықталып, тұрғындардың шағымдары негізінде прокуратура кешенді шаралар қабылдады. Тереңқара өзенінің арнасы мен маңындағы жердің қоқыспен ластануы салдарынан жер иесі мен ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іле ауданының прокуратурасы Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Тексеруге тұрғындардың Тереңқара өзенінің арнасының қоқысқа толуы мен тұрмыстық қатты қалдықтардың заңсыз төгілуіне байланысты көптеген өтініші себеп болды.

Заманауи техникалық құралдарды пайдалану арқылы заңбұзушылық фактілері құжат жүзінде расталды. Осылайша, жер, санитарлық және экологиялық заңнаманың нормаларының бұзылғаны анықталды.

Қалдықтарды басқару мен атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін жер иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар тиісінше бақылау жүргізбегені және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі де әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, прокуратура Тереңқара өзенінің арнасын және оған іргелес жер телімін қоқыстан тазартуды міндеттеу туралы талап арызды сотқа жолдады. Алматы облысының прокуратурасы азаматтардың экологиялық құқықтарын және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.


Қазақстанда үш қаланың тұрғындарына ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жасалды


 

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бірнеше күнге созылған өрт жергілікті тұрғындарға қолайсыздық туғызған еді. Түтін Алматы қаласына дейін жетіп, ауа сапасына әсер етті. Құтқарушылардың үздіксіз еңбегінің арқасында 20 қыркүйекте өрт толық сөндірілді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 09:36
Талқылау