Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсамақ болды - прокурор кінәлілерді атады

Алматы облысының прокурорлары 4-сынып оқушысының өз-өзіне қол салуға әрекеттенуіне әкеп соқтырған мәселеге байланысты кінәлілерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талғар ауданының прокуратурасы мектеп оқушысын қорлауға жол берген аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологты жазалау туралы ұсыныс енгізді. 

"Сондай-ақ материалды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық комиссияның қарауына беру  ұсынысы қарастырылды", – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, аудан прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің мәжіліс залында дәрістер өткізуді жоспарлап отыр.

"Барлық білім беру ұйымында Алматы облысы прокуратурасының QR-коды бар, оның көмегімен азаматтар түрлі құқықбұзушылықтардың барлық дерегі туралы хабарлай алады, бұл туралы дабыл дереу прокурорларға жіберіледі. Олар өз кезегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды", - деді прокурорлар.

 

Талқылау