Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мопед жүргізушісі КамАЗ-дың астына түсіп, көз жұмды

Алматы облысында КамАЗ жүргізушісі мопед жүргізушісін басып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 қазан күні "Байсерке-Шелекемір-Қараой-Междуреченск" автожолының 30 шақырымында орын алған.

41 жастағы "Pedo" маркалы мопедтің жүргізушісі автожолдың оңтүстік жиегімен шығыс бағытта жүріп, жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен. Дәл осы кезде 49 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "КамАЗ" жүк автомобилінің тіркемесімен соқтығысқан.


Мопед жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды.

"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп түсіндірді облыс полициясында.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 17:04
Талқылау