Алматы облысында қой аязды күнде далада қатып қалған (видео)
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Алматы облысында далада қатып қалған қойдың видеосын таратуда. Термометр бұл күндері аймақта минус 30 градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео авторы жағдай Жансүгіров кентінің маңында (Алматы облысы Ақсу ауданының әкімшілік орталығы) болғанын айтады.
"2021 жыл, бірінші айдың алтыншы күні (6 қаңтар). Жансүгіровте қой осы жерде тоңып қалды", - дейді ер адам малға қарай жақындап. Қой ер адам оны түрткен соң жерге құлап түседі.
Павлодар облысында 26 жылқы көлдегі мұзға қатып қалған
Қазгидромет мәліметінше, 5 және 6 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы өте төмен болды. Түнде термометр бағандары 30-32, ал кейбір аудандарда 35 градусқа дейін көрсетті.
Әлеуметтік желі қолданушылары далада тоңған қойдың видеосын қызу талқылап жатыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ