Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған

Алматы облысында энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр елдімекендерінің халқына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны қалтасына басқан. Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген. Қылмыскер кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Сотқа дейінгі тергеу барысында агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғындарынэлектр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды. "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5-жылға бас бостандығынан айырылды”, – дейді ҚР қаржылық мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Талқылау