Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 10 жасар қыз інісін шығару үшін әжетхана шұңқырына түскен: Құтқарушылар екі баланы да құтқарды

28 шілдеде Алматы облысында құтқарушылар әжетхана шұңқырына түсіп кеткен екі баланы құтқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бала

Алдымен әжетханаға 3 жасар ұл бала түсіп кеткен. Әкесі өз бетінше балаларды алып шықпақ болыпты. Алайда қолынан келмеген соң құтқарушыларға жүгінген.

Қоңырау түске соң Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барған. 

“Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды”, – деп мәлімдеді құтқарушылар. 

3 құтқарушы техника күшімен сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Талқылау