Алматы облысында демалыс орнына гранатамен шабуылдағандарға сот үкімі шықты: Жәбірленушілер үкімімен келіспейді
Алматы облысында Іле ауданындағы "Поляна" демалыс аймағына жасалған резонансты шабуылға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
видеодан скриншот
Оқиға 2020 жылдың қазан айында болған. Бетперде киген адамдар күндіз демалыс аймағына басып кіріп, тұтынушылар мен қызметкерлерге бірден оқ атқан. Бір қызметкер мен мекеме иесі зардап шекті. Полиция бірден шабуыл жасағандарды анықтап, оларды ұстады.
Тергеу сегіз айға жуық уақытқа созылып, тағы бір жыл іс материалдары бірнеше аудандық соттарда қаралды. Жәбірленуші тарап сот ісі бірнеше рет қастандық әрекетінен бұзақылық санатына ауыстырылмақ болғанын айтады.
Сот алдына алты адам тұрды. Біраз уақыттан кейін полиция тағы үшеуін қамауға алды. Барлығы турбазаға шабуыл жасады деген күдікке ілінді, бірақ бүгін олар "Бұзақылық" бабы бойынша сотталды. Олар үкімді тергеу изоляторында тыңдады.
"Сот үкімімен Каленов 239-баптың 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды", – деді судья Айгүл Қасенова.
Айыптаушы тарап жеті айыпталушыны 15 жылға, ал тек 2 айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда атысқа қатысушылар үш жылдан алты жылға дейінгі жазаны алды, ал тағы үшеуін бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан шектеуге ауыстырып, толық бостандыққа шыққан.
Жәбірленушілер тергеу барысында өрескел бұзушылықтар орын алғанын бірнеше рет мәлімдеген. Демалыс алаңының иелері шабуылдаушылардың көп болғанына қарамастан неліктен тоғызы ғана жауапқа тартылғанын түсіне алмаған.
"Мен қатты таңқалдым, себебі прокурор барлығына 15 жыл сұрады, жартысы толығымен босатылды. Тағы да өз өмірім үшін, отбасымның өмірі үшін қорқамын. Олар үлкен қарумен, гранатамен жүрді. Ал сотта мүлде гранатаның болғаны мүлдем ескерілмеді", – дейді жәбірленуші Ольга Кузнецова.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
