Алматы облысында әуе шары ер адамды ұшырып әкетті
Алматы облысында сақтандыру тросы үзілген әуе шары ер адамды ұшырып әкетті. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға "Ақ-бұлақ" тау-шаңғы кешенінде болған. Ер адам өз бетінше жерге қайта қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16:43-те "Ақбұлақ" кешенінде әуе шарының сақтандыру тросы үзіліп кеткендігі жайлы ақпарат келіп түскен. Ал шар себетінде болған ер адамды тауға қарай ұшырып кеткен.
"Оқиға орнына Талғардың мамандандырылған өрт сөндіру тобы мен республикалық жедел құтқару тобы жіберілді. Себетте әуе шарымен ұшу бойынша нұсқаушы болған. Басқару және өз-өзін құтқару әрекеттері арқасында олар тау арасында өз бетінше жерге қонған", – деді Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Талғар мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері нұсқаушыны Солдатсай шатқалынан тауып, қауіпсіз орынға жеткізді.
Талқылау

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
Әр өңірдің мұғалімдері мектеп қажеттілігіне қанша қаржы жинап беретінін айтып берді

Назарбаев зияткерлік мектебі мен КТЛ-ге түсе алмаған жасөспірімді әкесі ұрып-соққан: Мектеп оқушысы өзіне қол жұмсауды ойлаған
Әпкесі мұны өтпелі кезеңмен байланыстырады және ата-анасының қысым көрсетуін құптамайды