Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 81 жастағы қарияны тұншықтырып, тонап кеткен күдіктілер ұсталды

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

преступники коллаж

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Полицияға 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

“28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмысын толығымен мойындаған. Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.



Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы-бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент пен Павлодарда оқу орындары мен жатақханаларда әлімжеттік көрсеткен топ мүшелері ұсталғаны белгілі болған. Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін ақша және тауарларын алған. 

Талқылау