Алматы облысында 500 мыңнан астам гектар жердің пайдаланылмай отырғаны анықталды
Алматы облысында 514 мың гектар ауыл шаруашылығы жерінің пайдаланылмай отырғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы нысандарын аудандар мен Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органдары анықтаған.
Аудандық және қалалық соттарға 109 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы 198 талап-арыз жолданды. Қазіргі уақытта соттардың шешімдерімен жалпы ауданы 30 мың гектар жер учаскелері бойынша 44 талап-арыз қанағаттандырылды.
Облыстың жер ресурстарын басқару департаменті 50 мың гектар аумақтық 248 субъектіге ұйғарым берді.
"Ерікті негізде 38 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жалпы ауданы 83 мың га жер учаскелері бойынша 186 субъектіні пайдалануға кірісті. Ауданы 3 мың га 5 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылды. Қалған жер учаскелері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинау жұмыстары жүргізілуде",- деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінен.