AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 21 және 23 жастағы полицейлер жантүршігерлік апаттан мерт болды

Алматы облысында жол апатынан екі бірдей полицей қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 17 тамызда сағат 22:00 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолында болған.

Анықталғандай "Тойота камри" көлігінде Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімінің екі инспекторы болған. Олар 21 жастағы Мұхтар Нұртілеу және 23 жастағы Санжар Омарбек.

Екеуі де оқиға орнында тілге келместен көз жұмды.

Үшінші полицей, 21 жастағы Мақсат Рамазан түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы оқиғаның болғанын растады. Сонымен қатар марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Тойота камри" маркалы автокөлігінің жүргізушісі “Алматы-Өскемен” автожолының бойымен солтүстік бағытта 46 км жүріп өтіп, алдыңғы сол жақ доңғалаңы тесіліп, соның салдарынан автокөлік 90 градусқа бұрылған.

Осы сәтте оның артынан келе жатқан "Хюндай акцент" маркалы автокөлік жоғарыда аталған автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан оқиға орнында "Тойота камри" көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы көз жұмды", – делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, "Өтеген батыр" кентіндегі орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен осы көліктің тағы бір жолаушысы жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр