Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлаған жасөспірімдердің бірінің әкесі жұмбақ жағдайда көз жұмды
Қасымбек ауылында оқушыны зорлаған жасөспірімдердің бірінің әкесі көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Немолчи.kz” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.
Бұған дейін сегіз жасар ұлды жергілікті мектептің сегізінші және бесінші сынып оқушылары зорлағаны айтылды.
Сегізінші сынып оқушысы 14 жасқа толғандықтан, оған қылмыстық іс қозғалды. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бесінші сынып оқушысының әкесі жауапқа тартылуы тиіс еді. Ер адамға қатысты "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу , оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 12 АЕК айыппұл жазасы қарастырылды. Сондай-ақ баланы арнайы интернатқа жіберу туралы мәселе қарастырылды.
Алайда 31 наурызда бесінші сынып оқушысының әкесі кенеттен көз жұмған.
“Бүгін бұл жасөспірімнің әкесі таңғы бесте өзін-өзі өлтіргені туралы ақпарат келіп түсті. Бірақ ауылда олар тағы да шындықты жасыруға тырысып, жүрек талмасынан қайтыс болды деді", – дейді белсенді Таңсәрі.