Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 18 адам дөнерден уланып қалды

Алматы облысында 18 адам дөнерден жаппай уланды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Оқиға 29 қаңтарда болған. Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы Бесағаш ауылындағы дәмханалардың бірінде дөнер жеген. Кешке қарай олар өздерін нашар сезінді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы ("Абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына, жұқтыруына, зақымдануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дәмхана жанындағы дөнер бекеті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында рұқсатсыз жұмыс істеген. Сондай-ақ, дөнерде санитарлық ережелер талаптарының басқа да бірқатар заң бұзушылықтары анықталды. Тергеу шаралары жалғасуда.


Қызылордада ер адам базарда өз-өзіне бензин шашып, жұртты дүрліктірді

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 16 Ақпан, 2022 17:35
Талқылау