Алматы мен Астанада есірткі тасымалының халықаралық арнасы жойылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен
Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынды.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты.
“Есірткі затын сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстанның азаматы қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 кг психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленді”, – леп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
