Алматы маңында тағы да жер сілкінісі орын алды
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 7.9. MPV магнитудасы – 3.4. Эпицентр координаттары – 42.38° с.е. 76.12° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ", – делінген "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарламасында.
Бұл Алматы маңында бір тәулік ішінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Сағат 11:24-те қазақстандық сейсмологтар 4,5 балдық жер сілкінісі туралы хабарлаған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген