Алматы карантинге жабылады ма - Бекшин жауап берді
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин журналистермен онлайн-брифингте қалада локдаун енгізу жоспарланбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өткен жылға қарағанда біз медициналық инфрақұрылымды дайындадық: нақты жүйе бар және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отырмыз. Сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарында проблемалар жоқ. Жүйе міндетін орындауда", – деді Бекшин.
Сондай-ақ ол қалада ауруханаға жатқызуда проблемалар жоқ екенін атап өтті.
"Барлық қызметтер тиімді жұмыс істейді және қиындықты жеңе алады", – деді қаланың бас санитарлық дәрігері.
Айта кетейік, бүгін Бекшин брифингке маскасыз шықты. Сондай-ақ Алматыда коронавирусты жұқтыру қауіпі жоғары орындары атады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”