Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Алматының жылу энергетикалық кешені мен инженерлік желілері қыс мезгіліне бүгінде 95% дайын. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүруде. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоспарға сәйкес, Алматыдағы қала шаруашылығының алдағы күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығы осы жылдың 1 қазанына дейін қамтамасыз етіледі.

Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17,7 км жылумен жабдықтау, 120 км электрмен жабдықтау, 43 км сумен жабдықтау, 29 км газбен жабдықтау желілері қайта жаңартылып, жөнделуде.

Дайындық жұмыстары "Алматы электр станциялары" АҚ объектілерінде де жүргізілуде (ЖЭО-1, ЖЭО-2, Каскад ГЭС, Батыс жылу кешені): жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін энергетикалық генерациялайтын жабдыққа (56 бірлік) жөндеу жүргізілуде.

"Қаладағы жылу энергетикалық кешеннің жылыту кезеңіне дайындығы аяқталып қалды. Бұл ретте жылу желілерінің дайындығы 91%-ды, сумен жабдықтау – 100%-ды, электр желілерінің дайындығы — 99%-ды құрайды", - дейді Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев.

Қысқы маусымға дайындық мәселесі Алматы әкімінің жеке бақылауында. Бұған дейін Ерболат Досаев энергетика және сумен жабдықтау басқармасына оңтүстік аудандық қазандыққа ерекше назар аудара отырып, жылумен жабдықтау объектілеріндегі дайындық жұмыстарының барысын бақылауды тапсырған болатын.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының деректеріне сәйкес, аталған объектіде аумақты абаттандыру, газ құбырларын, түтін мұржаларын оқшаулау, мазутты сақтау резервуарларына қоршау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір нысан 93% әзір. Реконструкция аяқталғаннан кейін қазандық 200 мыңнан астам тұтынушыны жылумен қамтамасыз етеді, оның ішінде Бостандық ауданындағы салынып жатқан тұрғын үй кешендері бар.

Алматының тұрғын үй қорының дайындығы бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі таңда 96%-ы, білім беру нысандарының 98%-ы, денсаулық сақтау нысандарының 98%-ы дайын."Жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету – қала үшін маңызды міндеттердің бірі.

Қалған жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтау керек. Гагарин көшесі ашылды. Қала тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін Қажымұқан көшесіндегі құрылыс – монтаж жұмыстарын тез арада бітірген жөн", - деді Ерболат Досаев және энергетика, білім, денсаулық сақтау басқармаларына, сондай-ақ аудан әкімдіктеріне осы мәселелерді жіті бақылауды тапсырды.

Талқылау