Алматы әуежайында ұшақ жанармайының жетіспеушілігі туындады
Алматы әуежайында ұшақ жанармайы жетіспейді. Жолаушылар мен жүк тасымалы жүйесінің реттілігін сақтау үшін әкімшілік техникалық қону жасайтын әуе ұшақтарына жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жергілікті және импорттық жанармай тапшылығына орай және жеткізу мәселелеріне байланысты жолаушылар сондай-ақ коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы техникалық қону рейстеріне жағдай жақсарғанға дейін жанармай құюды тоқтатты", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әуежай әкімшілігі.
- Алматы әуежайында 528 млн теңгені алып өтпек болғандар ұсталды
- Шымкент әуежайы ұшу жолағындағы қарғалар үшін 50 000 доллар өтемақы төлейді
Еске салайық, 3 маусымда өткен басқосуда Энергетика министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетін авиакомпаниялар мен әуежайларға Павлодар мұнай-химия зауытының ағымдағы жылдың шілде айында жоспарланып отырған жөндеу жұмыстары және жетіспейтін ұшақ жанармайы көлемін импорттау қажеттігі туралы алдын ала хабардар еткен болатын.
Талқылау