AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әуежайы ұшу жолағындағы қарғалар үшін 50 000 доллар өтемақы төлейді

Шымкент ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты ресейлік "Аэрофлот" компаниясының "Шымкент халықаралық әуежайы" АҚ үстінен түсірген арызға қатысты істі қарады. Ресейлік компания Шымкент әуежайынан құсқа соғылған ұшақ үшін шығынды өтеп беруін талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап. 

ұшақ

2018 жылы 21 шілдеде Шымкент-Шереметьев бағытында ұшқан А320 ұшағына Шымкент әуежайында құстар соғылған. Ұшақ ресейлік "Аэрофлотқа" тиесілі.

Ұшақ командирі диспетчерге құстарға соғылғанын әрі зақым келуі мүмкін екенін мәлімдеп, әрі қарай ұшу туралы шешім қабылдаған. Аэродром қызметі оқиға орнын тексеру кезінде ұшаққа соғылған төрт қарғаны анықтаған. 

Шереметьевке жеткен соң ұшақ тексеріліп, зақымды жою үшін қосымша шығындар жұмсалған. 

"Аэрофлот" Шымкент әуежайына 50 000 доллар көлемінде шығынды өтеу туралы шағым түсіріп, сотқа арыз жазған. Ресейлік компания әуежайдың өз міндетін дұрыс атқармағанын, ұшу жолағындағы авиациялық қауіпсіздікті сақтамағанын және ұшақтың құстармен соғылуының алдын ала алмағанын алға тартқан. Салдарынан ұшақтың ұшу кезінде қолданылатын шамы мен қозғалтқыштың үш қалқаны зақымдалып, тұмсық тұсы майысқан. 

Шымкент әуежайы сотта "Шымкент-Мұнара" ұшу басқармасының жедел диспетчерінің ұшу жолағында құстар бар екенін мәлімдемегенін алға тартты. Сәйкесінше құстар ұшақ көтерілген соң әуежай аумағына ұшып келуі мүмкін дейді. 

"Шағымданушының ұшағы соқтығысқан құстар жабайы табиғат өкілдері. Әуежай тарапы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдағанымен, өз кінәсін мойындамайды. Әуе тасымалдаушысы шығын келтіргенін дәлелдейтін айғақтар келтірген жоқ. Бұл жағдайды ырық бермейтін күш әсерінен орын алды деп қарастыру керек", – деді сотта әуежай өкілдері. 

Сот барысында прокурор Жанар Әзімбаева өз қорытындысында шағымданушының арызы негізді екенін айтып, шағымды қанағаттандыруды сұраған. 

Ресейлік компания ұшақты жөндеу жұмыстарына 1 674 260,15 рубль немесе 148 599 доллар жұмсалғанын мәлімдеген. Алайда сақтандыру келісімшарты болғандықтан, сақтандыру компаниялары "Аэрофлотқа" 50 000 доллар төлеп берген. Осылайша "Аэрофлот" әуежайдан 50 000 долларды өтеп беруін талап еткен. Бұл 21 323 500 теңгеге тең. 

Істі азаматтық қарау кезінде екі тарапқа бейбіт келісімге келу мүмкіндігі беріліпті, алайда тараптар ортақ келісімге келе алмаған. Кейін іс Шымкент экономикалық сотында қаралды. 

"Шымкент әуежайы мен "Аэрофлот" арасындағы келісімшартқа сәйкес әуежай ұшу кезінде қауіпсіздікке, соның ішінде құстардан қорғауға міндетті. Алайда құспен соқтығысу бойынша өз міндетін орындамағандықтан әуежай арызданушыға өтемақы төлеуі қажет", – деді судья Серік Кәрім. 

Нәтижесінде судья Шымкент әуежайын 21 323 500 теңге көлемінде шығынды өтеп беруге міндеттеді. Сонымен қатар мекеме 639 705 теңге мемлекеттік салық төлеуі керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр