Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында 528 млн теңгені алып өтпек болғандар ұсталды

2022 жылдың басынан бері Алматы қаласының кеденшілері әуежай арқылы 528 миллион теңгені заңсыз алып өтпек болғандарды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 миллион теңгеден асты, осы заң бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы 3,2 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қаңтарда "Алматы-Абу-Даби" бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы тоқтатылды, одан 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылды.

Ақпанда "Алматы-Ыстамбұл" әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін әйелден 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылған.



Мамырда "Сеул-Алматы" бағытындағы әуе рейсінің жолаушысынан 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша қаражаты табылды.

Маусым айының басында ұшып келу залында "Дубай-Алматы" әуе рейсін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан азаматы тоқтатылып, тексеру барысында 23 200 АҚШ доллары анықталды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Талқылау