Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі төтенше жағдай туралы ескертудің не үшін "президенттік құлақтандыру" деп аталғанын түсіндірді

Алматыда тұрғындардың телефондарына тест режимінде төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін хабарлама келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Мass Alert тест режиміндегі ескерту тұрғындарға 31 мамыр күні сағат 12:00-де келген. Алайда хабарлама тек Android операциялық жүйесі бар құрылғыларды пайдаланушыларға ғана жіберілді.

Желіні қамтудың барлық аймағында, сондай-ақ жекелеген таңдалған географиялық аймақтарда қатты дыбыспен және мәтінмен мынадай хабарламалар келіп түсті:

"Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр", "Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения", “Remain calm. The public alert system is being tested”, – делінген жазбада. 



Ал хабарламаның тақырыбында "президенттік құлақтандыру" деп жазылған.

"3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясымен Cell Broadcast арнасының тақырып атаулары стандартталған. Осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттарын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғыларында осы атауды операциялық жүйелер деңгейінде жүзеге асырады. Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атауы өзгермейді. Хабар тарату 4370 арнасында "Президенттік құлақтандыру" және "Ұлттық құлақтандыру" деген тақырыппен жүргізілді, – деп жауап берді әкімдік.

Бұл Мass Alert жобасы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. 

Еске салсақ, Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келген еді.

Талқылау