Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алланың аты жазылған араның ұясы көпшілікті таңғалдырды (видео)

Желіде Алланың есіміндей қалыпта жазылған араның ұясы жария болды. Мұны тапқан адамдар видеоны желіге жүктеп, құдайдың құдіреттілігене мадақ айтты.

 

Видеодан байқағанымыздай араның ұясы төрт бөлініп салынған. Сырттай қарағанда арабша "Алла" сөзін оқуға болады. Мұны байқаған балалардың бірі үйдің үлкендеріне көрсетіп жатыр. 

"Алла ұлық, алланың құдіретін қарасаңыздаршы. Араның ұясы мынау. Алланың атымен жасалған. Бәріміз қуанып, апамыз жылап жатыр. Аллаға мадақ айтаймыз", - деді автор. 

Желі қолданушылары бұған таңданыс білдірді.

"Алланың бізге деген көрсететін жақсылығының нышаны шыгар. е, АЛЛА бизге деген жақсылығың, ырзык-берекең мол болгай. Осы ниет етіп отырған оразамыз кабыл болғай барша мұсылманңа бір алла өзін жар болғайсың", "Аллаға құлшылығын арнаған отбасы ғой. Бәрі орамалда екен. Алла тағалам осы отбасыға береке берсін", деді желідегілер.

Олардың арасында мұны қолдан жасалған  дүние екенін айтқандар да бар. 

"Ақылға сыймайды тіпті ұқсамайды, не болса соны Хайп қылып", "Темірге сыйынып не болды сонша" деп жазды өзгелері. 

Талқылау