Алла Пугачева інісінің Семей өңірінде қызметте болғанын айтты
Фото: Видеодан скриншот
Ресейдің халық әртісі Алла Пугачева Екатерина Гордееваға берген сұхбатында еліміздің Семей өңірін де әңгімеге қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің бауыры Семейде әскери қызметте болған көрінеді.
“Інімнің мінезі қиындау еді. Оның үстіне ҰҚҚ-ның қызметкері болды. Өлі балалар дүниеге келген Семейдегі Қытай шекарасында (полигонды айтып отыр – ред.) қызметте болды. Бірақ қандай да бір себеппен Ауғанстанға соғысқа аттанды. Жарылыс басталғанда олар қол ұстасып, жасырынған. Менің інімнің қасындағы солдаты жараланып, бір ғана қолмен қалған. Қазір соғысып жүрген адамдардың жарақатын елестетіңіз”, – деп сөзін бастады әнші.
Әлем жұлдызының сөзінше, туған бауыры ерекше болып өскен. Әскери қызметкер болу арманы болған, бірақ бала күнінде алған жарақаты мүмкіндік бермеген.
“Мектеп бітірер кезде “Қар ханшайымы” қойылымын қояды. Сюжеті бойынша оған пышақ ұстаған бала жүгіреді. Пышақтың сырты картон еді, бірақ оны ешкім абайлау керегін ескертпеген. Сол жерде бармағын кесіп алады. Осы оқиға оның арманын күл-талқан етті. Ол шет тілдерін білетін және шет тілдері әскери институтына түсуді жоспарлаған еді. Денесін жарақаттап алғасын, әскери училищеге қабылданбады. Өте қатты қиналды. Анам өзін кінәлі сезінетін. Менен бір жас кіші болса да, ерекше болды. Өлең жазатын. Әртістік қабілеті де мықты еді. Бір үйдің екі баласы, бірақ тағдыры мен өмір жолы әртүрлі. Менің жолым болып, жұлдызым жанды. Інімнің тағдыры басқаша болды”, – деді әнші.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген