"Айдың 25-іне дейін төлеу керек": Қазақстанда коммуналдық төлем ережелері өзгереді
Фото: freepik.com
Қазақстанда коммуналдық қызмет көрсету ережелері өзгеріп, барлық төлем бір түбіртекке біріктіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енді жарық, су, қоқыс шығару секілді барлық коммуналдық қызметтер бір төлем құжатына біріктіріледі. Оны Бірыңғай есеп айырысу орталықтары (БЕАО) жасақтайды. Бұл орталықтарды әкімдіктер конкурс арқылы таңдайды.
Тұрғындар үшін не өзгереді:
- Бұрынғыдай жеке түбіртектер болмайды, бәрі бір жерде көрсетіледі.
- Құжатты электронды түрде алуға болады (жеке кабинетте), Ал қажет болса, қағаз түрінде де беріледі.
- Барлық төлем алдымен арнайы транзиттік шотқа түсіп, кейін 3 күн ішінде жеткізушілерге аударылады.
- Бұл есеп-қисапты ашық әрі бақыланатын етеді.
Коммуналдық қызметтерді әр айдың 25-іне дейін төлеу міндетті. Бұрын төлем мерзімі шартқа немесе заңға байланысты әртүрлі болатын.
-
Қазақстандықтар енді тіс емдеу үшін зейнетақы шегерімдерін қолдана алмайды
-
Министр 85 мың теңге жалақы алатын қазақстандықтарға кеңес берді
Сонымен қатар деректердегі қате үшін қызмет көрсетушілер жауап береді. Әкімдіктер төлемдерді тексере алады. Қызмет сапасына қатысты шағым тек қолтаңбамен және фото/видео дәлелмен қабылданады.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"