Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов миллиондар тұратын киімдерін көрсетіп мақтанды

Ел ішінде өзінің ерекше даусымен танылған әнші Әлішер Кәрімов өзінің гардеробын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Oybay Show-ға" сілтеме жасап.

Көздің өзі 5 мың доллар»: Әлішер Кәрімов пластикалық отаны қаншаға жасатқанын айтты

Жақында оңтүстік астананың төрінде шығармашылық кешін өткізген әнші дәл өзінікіндей концерт Қазақстанда мүлдем болмағанын айтып, оған 100 пайыз кепілдік берді. Кәрімовтың сөзінше, ол қазақстандықтарға өнерімен ғана емес, сәнді киіне білуімен, әдемі киімдерді талғай білуімен ұнайды. 

"Шығармашылығым арзан тұрмайды. Он бес жыл сахнада жүрмін, сұранысқа ие әртіспін. "Оның әндері ғана емес, киімдері де әдемі. Концертіне барып қайтайық", - деген халықтың сөздерін өзім де естіп жүрмін. Біз естігенімізден түйіндеме жасаймыз, олардың талабына сай болғымыз келеді. Қиындықтар көп дей алмаймын. Барлық адамның қиындықтары бар. Бірақ менің ойымша, қолымнан барлығын миллионға істеу келеді",- деді ол. 

Жақында Республика Сарайында өткен концертіне әнші сахналық образы үшін ақша аямағанын мойындады. Кәрімов шығармашылық кешінде киіп шыққан костюмдердің барлығы  Dolce & Gabbana брендіне тиесілі. Бір костюмі 3 550 000 теңге, екіншісі 430 000 теңге, тағы біреуі 342 000 теңге, ең жақсы көретін костюмі 3 375 000 теңге тұрады екен. Ал сол брендтің аяқ-киімін ол 495 000 теңгеге сатып алған. 

"Dolce & Gabbana әрине арзан тұрмайды. Негізі, мен бұл брендтерсіз-ақ студент кезімдегідей-ақ киініп, өзімді миллионға бағалай аламын. 10 мың теңгеге киінсем де барлығы талғамға байланысты. Талғам болу керек. Талғамы болмаса адам стилисттермен жұмыс істеуі тиіс. Құдайға шүкір, анам талғамымды қалыптастырды. Кезінде базардың барлығын аралап, ойымыздан шығатын киім таппайынша ешнәрсе сатып алмайтынбыз", - деді ол.

Студент шағын есіне алып, өз талғамын жоғары бағалаған әнші жоғарыда аталған киімдердің барлығына жалпы алғанда 11 680 000 теңге жұмсады.

Бұған дейін Әлішер Кәрімов Кореяда пластикалық ота жасатқанын мойындаған еді.

Талқылау