Әлішер Ерғали әлемнің ең үздік 10 балуанының қатарына кірді
Еркін күрестен 97 келідегі Париж олимпиадасының жолдамасына ие болған Әлішер Ерғали әлемнің ең үздік 10 балуанының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UWW
Жақында ғана Венгрияда өткен рейтингілік турнирде топ жарған Әлішер Ерғали Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде ең үздік 10 спортшының қатарына кірді. 97 келіде белдесетін балуанымыз 23500 ұпаймен 8-орынға жайғасқан. Ал бұл салмақтағы үздіктердің көшін әзірбайжандық Магомедхан Магомедов (56400 ұпай) бастап тұрса, бахрейндік балуан Ахмед Тажудинов екінші орынға, олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдер үшінші орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Әлішер Ерғали Венгрияда өткен рейтингілік турнирдің финалында көш басында тұрған Магомедхан Магомедовты ұтқан еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ