Әліби Ыдырыс тарихи UFC жекпе-жегінің алдында қарсыласымен көз түйістіру рәсімін өткізді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC-319 турнирі қарсаңында қарсыласымен көз түйістіру рәсімін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жекпе-жек The Ultimate Fighter турнирінің 33-маусымындағы финалдық кездесу болмақ.
Алдағы демалыс күндері өтетін айқаста Ыдырыс америкалық Джозеф Моралеспен күш сынасады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы UFC-мен эксклюзивті келісімшартқа ие болады. Қазақстандық спортшы мен оның қарсыласының айқасы кештің алдын ала кардын ашса, негізгі бәсекеде орта салмақтағы чемпион Дрикус дю Плесси мен Хамзат Чимаев кездеседі.
Әліби Ыдырыс турнирдің жартылай финалында айқын жеңіске жетіп, жанкүйерлер назарын аударды. Ол бірінші раундта қарсыласын тізесімен нокаутқа жіберіп, финалға жолдама алған еді. Көз арбасу сәттері турнирдің ресми Instagram парақшасында жарияланды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

