Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлібек Қуантыров министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс мәселелерді атады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс іс-шараларды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Әлібек Қуантыров орталық және жергілікті атқарушы органдар уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамсыз етуге баса назар аудар керектігін атап өтті. Сонымен қатар экспорттың өсуін қайтадан қалыпты деңгейге өсіру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттегін айтты. Ол үшін баламалы бағыттарды тиімді пайдалану керек деп есептейді ұлттық экономика министрі. 

Бұдан бөлек ол белсенді түрде инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесіне де айрықша тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстарға да министрліктер мен әкімдіктер назар аударуы маңызды екенін айтты. 

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша іс-шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу керек. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту іс-шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет", - деді Әлібек Қуантыров.

Талқылау