Alibaba International компаниясы Қазақстанға салық төлемек
Қазақстанның қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: xw.qq.com
Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер комитеті мен Alibaba International цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелері және Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады.
“Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен халықаралық компаниялар арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайту және электрондық коммерцияны дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл Қазақстандағы салық әкімшілендіруде ашықтықты арттыруға және әділ салық салуға ықпал етеді.
Бұған дейін солтүстік Қазақстан мен Шэньси провинциясы 93 миллиард теңгеге меморандумдар мен келісімшарт жасасқан еді.