Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Alibaba-ға салынған айыппұлынан кейін Джек Маның байлығы 2 миллиард долларға өсті

Қытай билігі өзі құрған Alibaba компаниясына 2,78 млрд доллар айыппұл салғаннан кейін қытайлық кәсіпкер Джек Маның табысы 2,3 млрд долларға артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, компанияның АҚШ - тағы акциялары айыппұлдан кейін 9,3% - ға қымбаттады. Бұл соңғы төрт жылдағы ең үлкен өсім. Компания иесі Джек Ма әлемдегі ең бай адам тізімінде 25-ші орында. Оның жылдық табысы 52,1 млрд долларды құрайды.

10 сәуірде Қытай билігі Alibaba-дан монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 2,78 млрд доллар айыппұл салды. Қытайлық монополияға қарсы реттеушінің мәлімдемесіне сәйкес, компания тұтынушыны өз қызметтерін "таңдау құқығынсыз" пайдалануға мәжбүрлейтін саясат жүргізді. Бұл "қытайлық электрондық коммерция нарығының бәсекелестік ортасына теріс әсер етті".

Еске салсақ, Қытай Alibaba компаниясына ел тарихындағы ең ірі айыппұл салды. Бұған дейін Қытай билігі Джек Маға соғыс жариялағанын жазған едік. 

Талқылау