Әли Оқапов түсінде әкесімен жиі әңгімелесетінін айтты
Әли Оқапов әкесі Тасқын Оқаповты жиі түсінде көретінін және онымен әңгімелесіп отыратынын айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Тасқын Окапов. Менің әкем. Оның арамыздан кеткеніне 17 жыл болыпты. Шынымды айтсам, бұл уақыттың қалай зулап өте шыққанын түсіне алмадым. Дәл кеше ғана болғандай. Осынша уақыт өтсе де, әкем туралы білетінімнен білмейтінім көп сияқты. Әлі күнге дейін әкемнің достарын көріп тұрамын. Олар маған әкем туралы мен білмейтін дүниелерді айтқан кезде ерекше күйге бөленемін», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Әрі қарай Әли өзін әкесіне ұқсататынын айтты.
«Достары әкемнің басынан өткен жайттары туралы айтып береді. Қызық, олар әкем туралы емес, мен туралы айтып тұрғандай көрінеді. Себебі мен де дәл әкемнің істегенін істеп, айтқанын айтар едім. Бір сұрақ маза бермейді: Ол менің қандай болғанымды қалар еді? Мүмкін ол мені басқаша елестеткен шығар? Бірақ қандай кәсіптің иесі болсам да, адамдық қалпымды жоғалтпасам, бастысы сол шығар» – деп жалғады сөзін Әли.
Халық әртісінің ұлы әкесін жиі түсінде көретінін және ол түстердің шынайы өмірге ұқсайтынын тілге тиек етті.
«Үнемі әңгімелесіп отырамыз. Өкініштісі, көзі тірі кезінде не туралы сөйлескеніміз есімде емес. Алайда тірі жүргенде қазір де әңгімеміз жақсы жарасар ме еді деп ойлаймын. Менің әкем», – деп түйіндеді сөзін Оқапов.
Әлидің оқырмандары оған демеу болып, жылы лебіздерін арнады: «Әли, сен папаңның мақтан тұтуға тұрарлық ұлысың!», «Жатқан жері жұмақтың төрі болсын! Өте керемет мәдениетті зиялы азамат еді», «Əкең əркашан колдап, корғап жүргеніне сен! Ол əрдайым сенің қасыңда!» «Ол сені мақтан тұтар еді», «Әкеңе қатты ұқсайды екенсің», – деп жазды желі қолданушылары.
Әли Оқапов осылайша оқырмандарымен ой бөлісе бастады. Күні кеше ол бейтаныс қызды ұнатып қалса, қасына жақындаудан тартынатынын айтқан еді. Оқырмандары Әлидің қарапайымдылығына тәнті болып, жиі-жиі ой бөлісіп тұруын сұрады. Оқапов та олардың көңілін қалдырмады.
Жіберіп алмаңыз:
Әріптесі Әли Оқаповқа сезімін білдірді
Әли Оқаповты шалға теңеген Мақпал Исабекова сын астында қалды
Әли Оқапов: Мені барлығы төрт құбыласы түгел, уайымы жоқ жігіт деп ойлайды