Әли Оқапов: Мені барлығы төрт құбыласы түгел, уайымы жоқ жігіт деп ойлайды

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 8:07

Құлаққа жағымды естілген әнімен ғана емес, сахнадағы биімен де тамсандыра білген әнші Әли Оқапов соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, өнер жолында анасының көп көмектесе бермейтінін айтты.

0-30

Бұл туралы әнші “Жұлдыздар отбасы” журналына берген сұхбатында айтты.

Әли алғаш рет “Слэнг” тобының солисі ретінде танылған болатын. Артынша топтан кетіп, жеке орындаушы болып шығады. Оқырмандарымен бөлісер соңғы жаңалықтары туралы сұрағанда “Шығармашылығымда жаңалық өте көп. Әлі ешкім ести қоймаған үш әнім дайын тұр. Бүгінде төртіншісін жаздыру үстіндемін. Үшеуі ырғақты, биге арналса, төртіншісі халық әні болмақ. Одан басқа ауыз толтырып айтар жаңалығым – бұйыртса, алғашқы жеке бейнеклипімді түсіргелі жатырмын. Қазір жас қыз-жігіттер арасында кастинг өткізіп, соның жұмыстарымен ары-бері шапқылап жүрген жайым бар. Оның әнін өзім жазып, сөзін Ибрагим Иса ағамызға жаздырдым. Бір айта кететіні, бұл ән «Жұлдыздар фабрикасының» ақтық мәресіне екі-үш күн қалғанда дүниеге келген”, – деп аталған әнді байқауда орындауға сәті түспегенін жеткізді.

Дәл қазір Әли Оқапов «FOX Band» атты жеке топ құрған. Топта өзінен бөлек бэк-вокалда Мәлика мен Зарина есімді қыздар өнер көрсетеді. «FOX Band» әртүрлі бағыттағы әндерді орындайды.

image

Ал анасының есімі мен көмегі өнеріне қаншалықты әсер ететіндігі туралыҚандай ән айтып, қандай сазгермен жұмыс істейтінімді, сахнаға қандай костюм киіп шығатынымды өзім шешемін. Өйткені өнер жолында үлкен мектептен өттім десем қателеспейтін шығармын. Анамның құрсағында жатқаннан сахнада келе жатырмын, ол жағынан аз да болса көрген-білгенім бар. Сондықтан анамнан сұрап, қасынан қалмай, етегіне жармасып өскен бала емеспін. Тым өзімшілмін, өз білгенімді ғана жасаймын деп те айтпаймын. Ән дайын болған соң анама көрсетіп, пікірін сұраймын. Ән орындауда қате жіберсем, айтылған сынды ескеремін. Ал күнделікті кешкілік дастарқан басына жиналғанда бүгінгі күннің қалай өткенін әңгіме етіп, келер күннің жос­парымен бөлісіп отырамын”, – деп анасының жеке таңдауына көп араласа бермейтінін жеткізді.

Әли Оқапов дәл қазір Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының вокал факультетінде білім алып жатыр. Ол Толқын Забированың шәкірті.

41

“Кейінгі кезде жылдам есейіп кеткен сияқтысыз. Бұған әкеңіздің өмірден ерте өткенінің әсері болды ма?” деген сұраққа “Рас айтасыз, «Әкеге қарап ұл өсер» деп бекер айтылмаса керек. Амал бар ма, тағдыр әкемнен ерте айырды. Әкем өмірден өткенде, мен небәрі тоғыз жасар ойын баласы едім. Үш айдан кейін інім Мәди дүниеге келді. Сондықтан үй көрмей, дала кезіп, ойын қуып өскен бала емеспін. Өмір өзі-ақ ерте есейтеді екен. Маған да ерте ер жетіп, анама көмектесіп, Мәдиге қарау керек болды. Ал, анамның жұмысы тоқтаған жоқ, концерттер, гәстрөлдер. Сондайда ініме қарау, үй тазалау, кір жуу менің мойныма жүктелетін. Оған еш намыстанбаймын. Құдайға шүкір, ешкімге күніміз қараған жоқ. Ез емес, ер болып өстім. Міне, содан бері әкемнен қалған қара шаңырақтың иесі, анам мен бауырымның қамқоршысымын деп ойлаймын”, – дейді әнші.

Өнердің шыңына шығып қана қоймай, анасы мен інісіне әкесінің орнын жоқтатпауға тырысады екен. Алайда кейде інісі Мәдидің сабағына көңіл бөлетін уақыт бола бермейтін көрінеді. Мұнымен қатар, анасымен махаббат тақырыбында ешуақытта ашық сөйлесіп көрмеген екен. Әнші дәл қазір бар назарын өнеріне бағыттағандықтан, қыздар туралы ойлауға уақыты жоқ екенін айтты. Ал осыған дейінгі сезімдері бала махаббат болса керек.

12

– Жұрт сізді Қазақстан эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаеваның ұлы болғаныңызға қарап, төрт құбыласы түгел, уайымы жоқ, не ішем, не кием демейтін жігіт деп ойлайды. Расында, анаңыз сіздің тілегіңізді екі етпей орындай ма? Әлде Роза апай бұл жағынан қатал ма?

– Сырттай көрген адамдардың барлығы солай ойлайтыны сөзсіз. Бірақ көпшілік мұның расында да солай еместігін қайдан білсін?! Мені көрген адамдар алдымен Роза Рымбаеваның ұлы, содан кейін ғана Әли Оқапов деп қабылдайды. Өмір бойы осылай боп қала ма, жоқ па білмеймін. Өзіме салса, өз атымды шығару үшін аз тер төгіп жатқан жоқпын. Ал анам менің байдың ерке балалары сияқты өспеуімді қадағалады. Дұрыс жолға сала білді. Қай ана іштен шыққан баласын жамандыққа қисын?! Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан жоқ. Өзі қарапайым отбасында туып-өскен соң, әр нәрсенің құнын, бағасын білуді менің де бойыма сіңіре білді.

image-47

Әнші дәл қазір қызға қарауға уақыт жоқ десе де, болашақ жарының адамгершілігі мол, үй тірлігі мен бала тәрбиесіне епті, ата-анадан жақсы тәрбие көрген қыз болғанын қалайды.

Менің түсінігімде, ер-азамат отбасын өзі асырауы керек. Ал, дәл қазір үйленсем, анамның мойнына отырып алуым айдан анық”, – деп әнші  аяғына нық тұрған кезде ғана отбасын құратынын айтты.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Әли Оқаповтың өзіне қандай қыздар ұнайтынын жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Төрт кубыласы тугел адам жоқ . Дегенмен , сахнаға шыгып жургени анасының атагы екени де белгили

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар