Әнші Әли Оқапов өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтты

Сенбі, 5 Наурыз , 2016 18:49

Танымал әнші Әли Оқапов Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

али-окапов

Сурет yvision.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«8 наурыз – бұл бірінші кезекте көктем мерекесі. Оны атап өтпеу мүмкін емес. Бұл күндері қала қарбалас тіршілікке көшеді, дүкендерде кезек көбейеді. Ал ерлер болса, соңғы минуттарда жанталасады. Мен мерекеде барлығын бірдей құттықтау әдетімде жоқ. Өзіме ең жақын адамдарды ғана құттықтаймын. Ең бірінші, әрине, анамды, сосын педагогтар мен оқытушыларымды», – дейді ол.

«Осы жолы бізде ерекше күн. 8 наурызды сахнада өткіземіз. Мәди екеуміз ерекше сыйлық жасап үлгереміз бе, жоқ па, білмеймін. Дәстүрлі түрде гүл сыйлаймыз. Бұрын қолдан сурет салып, ашық хат жасағанды жақсы көретінбіз. Қазір ержеттік. Мұндай сыйлық енді ыңғайсыз», – деп қосты Ә. Оқапов.

Бұдан басқа, отандық эстрада жұлдызы нәзік жандылардың қандай қасиетін ерекше бағалайтынын айтып өтті.

Әлидің айтуынша, әйел заты тәрбиелі, мәдениетті, жоғары парасат иесі әрі әзілді түсіне білетін болғаны маңызды. Әншінің айтуынша әзілдің жақсы сәттерде де, қиын сәттерде көмегі мол.

Сөз соңында жас әнші әйелдер қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
10 ай 8 күні кері

Несимен танымал. Илип алар ані жок

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар