Әли Оқаповты шалға теңеген Мақпал Исабекова сын астында қалды

Жұма, 22 Шілде , 2016 13:31

Әнші Мақпал Исабекова әріптесі Әли Оқаповты шалға теңеймін деп желі қолданушыларынан сөз естіді.

13721147_1734757160138294_304560561_n

Фото: instagram.com/makosyai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Әли Оқаповтың туған күні. Әнші 25 жасқа толды. Осыған орай, оны барша әріптесі құттықтап, түрлі тілек білдіріп жатыр. Олардың қатарында Мақпал Исабекова да бар. Әншінің құттықтауы бәрінен ерекше әрі күлкілі болды. Себебі ол оны шалға теңеген.

“Туған күніңмен, шал! Аман бол, бақытты бол! Алға ұмтыла бер. Жолың ашық болсын. Шабытың таусылмасын”, – дейді Мақпал Исабекова. Әншінің бұл құттықтауынан кейін желі қолданушылары оны сынап тастады. Өзінің кемпірге ұқсайтынын айтып, сөзді дұрыс таңдауға кеңес берді.

“Макося, өзінің шашы ағарған кемпірге ұқсайтынын байқамай ма?”, “Ділназ Ахмадиева да жетіскен кемпірдің бір түрі”, “Қалжыңдап жазса да, жас жігітті “шал” деген қате болды. Халықтың алдында жүрген адам болған соң мұнысы орынсыз”, “Шал” деп 80-90 жасқа келгендерді айтады. Өйткені бұл шақта олардың әлі кетіп қалады. Не туралы айтып жатқанымды түсінген шығарсыздар? Ал кемпір дегеніміз – жолдасы жоқ әйелдер” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова тыңдармандарын үй киімімен таң қалдырды (фото)

Итін “өлтірген” Мақпал Исабекова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Образын жиі өзгертетін Мақпал Исабекованың шашы түсіп қала жаздады

Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар