Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов қыздардан қандай сыйлық алғысы келетінін айтты

Бір қарағанда сырт келбеті мінсіз көрінетін 24 жастағы әнші қыздарға алда мерекенің келе жатқанын айтып, қандай сыйлық алғысы келетінін тұспалдап жеткізді.

0

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқапов өзінің инстаграмдағы парақшасында “…шындығында әдеттегідей болады. “Сендердің мерекелерің 23 ақпан емес, 7 мамырда”, “бұл мереке армияда болғандардыкі ғана” т.с.с. Жәй ғана құттықтай салу қиын ғой” деп жазып жеңіл әзілмен қыздарға жігіттердің де мерекеде жылы лебіз күтетінін жеткізгендей болды. Бұдан өзге инстаграмдағы парақшасына “Әрине, мен ешнәрсені меңзеп тұрған жоқпын. Бірақ сыйлықтың аты сыйлық қой” деген жазуы бар көлік картинасының суретін салды.

1

Оқырмандар әншінің нені меңзегенін түсінгендей болып, бірден оны жақсы көретіндіктерін жазып, алда келе жатқан мерекемен құттықтады.

image

Былғары күрте мен көзілдірікті серік еткен әнші жаңа бейнебаянын түсіру үшін 5 кг салмақ тастаған. Өйткені жақында жарық көретін “Жаным сәлем” атты бейнебаянында Оқапов бишінің рөлін сомдайды екен.

Осы уақытқа дейін Wakeup студиясындағы дайындығының видеосымен де бөліскен болатын.

image

Жаңа бейнебаянынан бөлек тыңдармандарына арнап Диас Аблаевпен, Ғалымжан Молданазармен бірігіп өлең жазуды жоспарлап отыр.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әншінің Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау