Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Елімізге әйгілі әнші Әли Оқапов инстаграмдағы парақшасында тыңдармандарына жаңа бейнебаян әзірлеп жатқандығы туралы жазды. Әншінің айтуынша, жаңа бейнебаян еріксіз би билететін хитке айналады. Бұдан өзге өнердегі ағасы Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастамақ болған жұмыстары туралы баяндап берді.
image

Сурет: tumar.fm

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші өткен жылдың қазан айында Батырхан Шүкеновке арнаған “Жаңғырық” атты композициясын көпшілікке ұсынған болатын. Енді тыңдармандарына армансыз билеуге мүмкіндік беретін бейнебаян түсіріп жатыр.

Батырхан Шүкеновпен жұмысы жайлы сұхбаттарының бірінде: “Мен бірігіп ән жазуды ұсындым, ол келісті. Мәскеудегі жаңа студиясының суреттері мен адамдардың контактілерін жібере бастады. “Жасайық, бұл қызық болады” деп айтты. Өкінішке орай, барлығы демо нұсқасында қалып қойды. Біз вокал жазып үлгермедік. Егер тиіттей де бірнәрсе болса, мен оны өлеңге айналдырар едім. Бірақ бұл жұмысымыз оған ұнағандықтан, мен істі соңына дейін жеткіземін”, – деп әншіні әлі де сағынып жүргенін, Батырханмен жұмыс істеудің қаншалықты өзіне ұнайтындығын тілге тиек етті.

Талқылау