Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Әлі күтіп жүрмін": Жахан Отарғалиевтің әйелі ренішін білдірді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал актер Жахан Отарғалиев жұбайынан өзіне қандай реніші барын сұрап, күтпеген жауап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің әйелі күйеуінің реніш тудырған сәттерін жайып салды. 

"Бірінші кездескен түскі асқа бардық. Сол күні күшті десерт жегіземін дедің. Соны жесең тілі ауызыңнаң кетпейді дегенсің. Бірақ алып берген жоқсың. Соны әлі күнге дейін күтіп жүрмін. Ал тағы бірде "Сені Көлсайға апарамын" дегенсің. Дәл сол кезде демалысқа барғым келіп жүрген. Мен келісе кеттім. Бірақ оны да ұмытып кеттің", – деді актердің жұбайы. 


  • "Үш рет кездесіп, үйленіп кеттім": Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

  • "Сұрағанымды берді": Жахан Отарғалиев екі қызы бар келіншекке үйленгенін растады


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актерге уәдені орындауды талап етіп жатыр. 

“Жахан өтірік күліп отырған сияқты”, “Енді айтылған нәрсе орындалуы керек”, “Сенің өтірік күлгеніңнен жүйкем жұқарып кетті", "Ыржақ-ыржақ не енді осы? Бей берекет!", "Менің де ренішім бар, кімге айтсам екен", – деп жазды желідегілер.

Еске салайық, актер әйеліне мәхрге алтын сақина сыйлаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 07 Мамыр, 2025 09:10
Талқылау