Алғашқы үкім: Алматыда қару-жарақ ұрлағандарға сот шешім шығарды
Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Azattyq
Қалалық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінде Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұловтың шешімімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғындары Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісхан 5 жылға соттап, жазаларын қауіпсіздігі орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге кескен. Екеуі де 1999 жылы туған, 22 жаста.
"Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды",- хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр.
Талқылау
Пікір