Алғашқы қадамын жасай алмады - Оралда мас полицейдің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен сәбидің анасы
14 маусым күні Орал қалалық сотында Теректі ауданының поселкелік полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Азамат Жұмабаевқа қатысты сот отырысы өтті. Полицей жеті айлық қыздың аяғын жұлып әкеткен жол-көлік апатының себепшісі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
Жұмабаев Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша айыпталуда. Күдікті кінәсін жартылай мойындап, прокурормен процессуалды келісімге келуден бас тартты.
"2021 жылдың бірінші желтоқсанында мен әйелім мен баламмен өзімнің Hyundai Accent көлігіммен Тасқалыдан шықтым. Сағатына 60-70 километр жылдамдықпен жүріп келе жаттым. Жол тұманды болды, қараңғы батып, асфальт сулы болып жатты. 20 шақырым жүргеннен кейін трассадан қарсы келе жатқан көлікті көрдім. Жақындаған соң, қарсы бағыттағы көліктің жүргізушісі рөлді кенет менің бағытыма бұрды. Мен тежегішті басып, қашуға тырысқаныммен, соғыстық.
Зардап шегуші жоғары жылдамдықпен келе жатты. Сол күні ішімдік ішпедім. Содан бір күн бұрын үйімізде қонақ болып, аздап сыра ішкенім бар. Жол көлік апатынан кейін медсараптама аздап ішімдік ішкенімді көрсетті. Апаттан кейін бірден зардап шегушінің жанына бармадым. Себебі өзім де аяқ жарақатын алып, көліктен отбасымды шығарып жаттым. Сонда зардап шегуші Бержанов жаныма келіп, кінәлімін бе, соны сұрады. Мен жоқ дедім", - дейді сотталушы.
Оның сөзінше, апаттан кейін 30-40 минуттан соң оқиға орнына полицейлер келіп, жол-көлік апатын тіркеуге алған. Алайда сотталушының ойынша, олар оқиға орнында объективті тергеу жүргізбеген.
"Мен тек жол-көлік апатына қатысушы екенімді және қанымнан ішімдік табылғанын мойындаймын. Оқиға орнын тексеру мен сараптама негізсіз жүргізілді. Жол-көлік оқиғасының схемасын құру кезінде мен орында болған жоқпын, тек қылмыстық істің материалдарынан таныстым. Инспектор Мұқанов тек схемасын құрды, ал оқиға орнын Темірланов тексеріп жазды, мәйітті тағы бір полицей қарады. Бір оқиға орнын үш адам тергеуде. Бұл заңмен тыйым салынбаған. Бірақ объективті тергеу болу үшін мұны бір адам жасауы керек деп есептеймін.
Полиция қызметкерлері соқтығысу орнын дұрыс анықтамады. Егер ол уақытта ол жерде менің көлігім болмаса, олар орынды қалай анықтай алды? Соқтығысқаннан кейін авто жолдың ортасында қалып кетті. Басқа жүргізушілер өте алуы үшін адамдар көлікті жолдың жиегіне шығарды. Ол жерде майдың ізі мен автоның пластмассалық бөліктері болмады. Жол апаты мен жүріп келе жатқан жолақта болды. Полицейлер нақты есеп жүргізбеді, тиісінше сарапшының қорытындысы қате. Мен онымен келіспеймін. Жол-көлік оқиғасында менің кінәм жоқ деп есептеймін. Оқиғадан кейін полицейлердің көзінше менің көлігімді қозғалтқан, бірақ олар ешқандай шара қолданбады. Тіпті, дөңгелектің соңғы орналасқан орнын жазып алмады", - дейді Азамат Жұмабаев.
Дегенмен, сотталушы болған іске өкініш білдіріп, зардап шегуші тарапқа көңіл айтты. Сот барысында ішімдік ішкен жүргізуші әйелінің көлік рөлінде отырғаны және оның жүргізуге құқығы болмағаны анықталды.
Lada Lagrus жүргізушісі Төрехан Бержанов сол күні анасы, жұбайы, қызымен бірге Оралдан шыққанын айтты. Жүргізуші қарсы бағыттағы көлікті 150 метр қашықтықтан байқағанын айтты.
"Көліктер бір-біріне жақындап қалды. Мен фардың жақын жарығына ауыстырып, көліктің менің жолағыма шыққанын көрдім. Мен қақтығысты болдырмау үшін қарсы бағытқа шықтым. Сол сәтте Hyundai Accent жүргізушісі өз жолағына ауысып, менің көлігімнің оң жағынан соқты. Біздің көлік жыраға түсіп кетті. Мен шок күйіне түстім. Моторды сөндірдім. Артқы орындықта анаммен бірге отырған қызымның қатты жылап жатқанын естідім. Жанымда әйелім ес-түссіз жатыр. Мен айқайлай бастаған соң, ол есін жиды. Сосын жылай бастады. Сол кезде жолда өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, жаныма жүгіріп келе берді. Мен бірінші кезекте әйелім мен қызымды шығарып, бейтаныс адамдардан оларды ауруханаға жеткізуді сұрадым. Әйелімді алдыңғы орынға отырғызып, қызымды артта отырған екі әйелдің қолына ұстаттым. Кейін олар мені қайта шақырып, қызымның аяғы жұлынып кеткенін көрсетті. Оны күртешемен орап, тез арада ауруханаға жетулерін сұрадым. Өзім анамды іздеуге кеттім. Ол артқы орында аударылып жатты. Әр адамнан оның пульсін тексеруді сұрадым. Өзімнің қолым дірілдеп, тексере алмадым. Басқалар тексеріп, үндемеді", - дейді Бержанов.
Зардап шегуші бұдан кейін екінші көліктің жүргізушісін іздегенін айтады. Жанына келіп, кім екенін анықтаған. Жанында адамдар болыпты. Жағасынан алып, бет-жүзін куәгерлерге көрсеткен. Сол жердің өзінде жүргізуші жазадан сытылып кете ме деп қорыққан. Айтуынша, сотталушының аузынан иіс шығып, ішімдік ішкені белгілі болған.
"Полиция қызметкерлерімен келісіп алмасын деп үнемі артынан қалмай жүрдім. Жұмабаев менімен де келісуге тырысты. Оқиға сағат 7:30 шамасында болды, ал куәгерлік етуге 23:00-де кеттік. Hyundai Accent-ті қозғалтты және ол өзінің таныстары болды. Ол қызметкер ретінде оларды тоқтатуы керек еді, бірақ олай жасамады. Жол апатының схемасын екінші қайталап куәгерлердің қатысуымен жасады. Өйткені біз де онда болған жоқпыз. Полиция қызметкерлері келгенге дейін көлікті орнынан қозғалтқан", - деді Төрехан.
Оның жұбайы сотта көз жасын тоқтата алмады. Ол тек есін жиған сәтін есіне түсіре алды.
"Есімді жиғанда денемнің бәрі ауырып тұрды, қозғала алмадым. Қызымның жылаған даусын естідім, бірақ оған бұрылып қарай алмадым. Мені ауруханаға жеткізген жүргізушінің ұйықтап қалмауымды өтінгені есімде. Бірақ ауырсынудан мен жолда есімді жоғалта бердім. Артқы орында қызымды ұстап отырған әйелдердің жылағанын естідім. Ауруханаға жеткен соң, маған екпе салды. Мейірбикелер мені тыныштандырып, қызымның жағдайы жақсы екенін айтты. Екпе салған соң, мен ұйықтап қалдым. Оянғанда Оралда баратынымызды айтты. Ол жерде мені тексеруден өткізді. Күйеуімді тек үш күннен кейін палатаға кіргізді. Сонда анамыздан айырылып қалғанымызды білдім. Тек ауруханадан шығатын кезде қызымыздың аяғын кесіп тастағанын естідім. Ол алғашқы қадамдарын жасай алмады. Кінәліні заңмен жазалауды сұраймын", - деп жылады әйел.
Сондай-ақ, сотта екі тараптың куәгерлері сөз сөйледі. Жұмабаевтың досы әрі куәгер сол күні екеуі бірге іс-шарада болғанын, ішімдік ішпегенін айтты. Ол зардап шегуші тараптан келген бейтаныс куәгер сотталушының көлігін жолдан алып тастауға көмектескенін, ол сәтке полицияның келмегенін атап өтті.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
