Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең бай елдерінің бірі бұрын-соңды болмаған дағдарысқа тап болды

Сингапур экономикасы бұрын-соңды болмаған дағдарысқа тап болды. Себебі елдің ЖІӨ биылғы жылы 4-7 пайызға қысқаруы мүмкін. Бұл 1965 жылы ел тәуелсіздігін жариялаған кейінгі ең нашар құлдырау болады дейді жергілікті басылымдар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

сингапур

Болжам бойынша, жұмыссыздық деңгейі мен компаниялардың банкротқа ұшырау саны алдағы айларда артады.

"Біз соңынада емес, қайта қалпына келтірудің бастапқы кезеңінде тұрмыз. Мүмкін, ол баяу және біркелкі болмайды", - деді Сингапурдың ақша-несие басқармасының басқарушы директоры Рави Менон.

2021 жылы компаниялар мен азаматтар қарызды көбірек алады. Бұл өсімді тежейді. Бірақ әлемдегі ең бай елдің қаржы жүйесі тұрақты болып қала беретінін тілге тиек етті Менон.

Сингапурдың ІЖӨ ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 41,2 пайызға төмендеді, бұл техникалық рецессияны білдіреді. Маусым айында ел билігі коронавирус пандемиясы аясында тікелей көмек ретінде халыққа 2,5 миллиард доллар жіберді. Экономиканы қолдауға ЖІӨ-нің 20 пайызы (70,3 миллиард доллар) бөлінген.

STAN.KZ
Сенбі, 18 Шілде, 2020 13:34
Талқылау