Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің жартылай финалистері анықталды

Қыздар арасында Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирдің жартылай финалына шыққан спортшылар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Астанада олимпиадалық салмақ түрлері бойынша спаррингтік бәсекенің алғашқы күні аяқталып, жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды. Қыздар арасында 54 келіде сынға түскен боксшылар арасында Жайна Шекербекованың өнерін ерекше атап өтуге болады. Ол кәсіби бокста бақ сынап жүрген Балауса Мұздиманды айқын басымдықпен ұтса, Ұлжан Сәрсенбек те 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базаровадан бір бас жоғары болды. Осы салмақтағы басты фавориттің бірі болған, әлем, Азия чемпионы Дина Жоламан күтпеген жерден Сымбат Әлиасқардан ұтылып қалды.

Сондай-ақ бұл салмақта сынға түскен Анель Сақыш мен тәжірибелі Сәния Сұлтанқызының осал тұсын тапты. Енді жартылай финалда Шекербекова мен Сәрсенбек, Әлиасқар мен Сақыш жолығады. Ал 66 келіде олимпиада ойындарының жүлдегері Дариға Шәкімова Наталья Богдановадан ұтылып қалды.

Айта кетейік, бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама жеңіп алғанын жаздық. 

Талқылау