Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қымбат бейнебаян деп аталған Димаштың туындысының тизері шықты

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының тизері жарыққа шықты. Бұған дейін әнші әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсіргенін айтқан еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұзақтығы 12 минутқа созылатын бейнебаянның тұсаукесері 24 қыркүйек күні Алматыда өтетін фан-кездесу кезінде кесілмек. Димаш бұл туынды әлем халықтарын бірлікте болуға шақырады. 

"Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлісеміз, бірақ біз бәріміз жер-ананың баласымыз және бір аспан астында өмір сүреміз. Өмір – бұл ең жоғары құндылық.



Бірде-бір қасиетті кітап адамдарды жауыздыққа, соғысқа шақырмайды. Ересектердің қателігі үшін балалар зардап шекпеуі керек. Осы себепті біз дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Адамзат пен әлемнің ертеңі бүгінгі біздің қолымызда. Біз – бір үйдің, бір мекеннің, бір аспанның перзентіміз", – дейді Димаш Құдайберген.

Талқылау